Жалпы ақпарат, білімі
Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№10 жалпы білім беретін мектеп» КММ-сі Жаки Қаламқас Балмұханқызы Туған күні: 24.05.1992ж Ұлты: қазақ Білімі, мамандығы (біліктілігі): 2012-2015 жылдары Шымкент қаласы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде информатика мамандығы бойынша бітірген. Санаты: педагог-сарапшы
Мансап
2012-2015жылдар аралығында Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №18 орта мектебінде информатика мұғалімі болып жұмыс істеді.
2015 жылдың желтоқсан айынан бастап Маңғыстау облысы Қарақия ауданы білім бөліміне қарасты Болашақ ауылы «№10 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде информатика пәні мұғалімі және бағдарламаны жасақтаушы қызметін атқарды.
2016 жылдан бастап тәлімгерлік жұмысын жасады.
2017-2020 жылдар аралығында директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2020-2024жылдың мамыр айына дейін директордың оқу ісі-жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2024жылдың мамыр айынан бастап директордың міндетін атқарушы қызметін атқарды.
2025 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін мектеп басшысы лауазымын атқаруда.