21.02.23 күні Қазақ тілі мен әдебиеті қоғамының онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қалдыбаева Ағзия 6 «Е» сыныбында О.Бөкейдің «Тортай кенші Ақ боз ат» әңгімесінің сюжеті бойынша ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылар жұптық, топтық тапсырмаларды орындап, өз пікірлерін еркін жеткізуге мүмкіндік алды. Тақырыпты әзірлеу барысында «Koleso Fortune», «LearningApps», «Quizizz» платформалары тиімді пайдаланылды. Сабақтың мақсатына сай құрастырылған тапсырмалар сабақтың жоғары деңгейде өтуіне ықпал етті.


